Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар әкімі - Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы,Талғар әкімінің орынбасары - Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды",- делінген хабарламада.
Қазір басқа да әкімдік қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылып жатқаны хабарланды.
Еске салайық,Бақыт Күрішбеков 2022 жылы маусымда өткен Талғар әкімін сайлауда жеңіске жеткен болатын.