Синоптиктер Алматы мен Астанада алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 қыркүйекте Астанада жауын-шашынсыз көшпелі бұлт күтіледі. Жел шығыстан соғады,түнде екпіні секундына 3-8 метр,күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 жылы,топырақ бетінде 1 градус аяз,күндіз 15-17 жылы.
19 қыркүйек көшпелі бұлт,жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4,күндіз 17-19 жылы.
20 қыркүйек көшпелі бұлт,таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Жел шығыстан солтүстік-батысқа қарай ауысады,екпіні секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 5-7,күндіз 17-19 жылы.
Алматыда 18 қыркүйекте көшпелі бұлттылық,түнде жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады,екпіні секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 8-10,күндіз 18-20 жылы.
19 қыркүйек көшпелі бұлт,жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 9-11,күндіз 21-23 жылы.
20 қыркүйекте көшпелі бұлт,жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 11-13,күндіз 22-24 жылы.