Алматы облысы Қонаев терминалы ауданындағы тасжолда бір адамның өмірін қиған жол апаты болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында рөлді басқара алмай,бетон қоршауға соғылып,содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше,жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet cobalt жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болған. Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Тергеу жалғасып жатыр.
View this post on Instagram
A post shared by 100BAKSOFF_PRESS (@100baksoff_press)