Ақтауда өрт салдарынан 10 қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтау әкімдігі 29 тамызда таңғы сағат 6:02-де 10 қабатты Otyrar city тұрғын үй кешенінің өртенгенін хабарлады. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше,үйдің артқы жағындағы сыртқы қаптамада өрт шыққан. Алайда жалын пәтерлерді жалмап үлгермеген.
Өрт сағат 6:10-да сөндірілді. Өртсөндірушілер келгенше 60 тұрғын үйден шығып үлгерді,тағы 15 адам,оның ішінде сегіз бала эвакуацияланды.
Әкімдік Otyrar city тұрғын үй кешенін К7 group құрылыс компаниясы қалпына келтіретінін айтты.