Бизнес

“Неге?“ Қызылордада қызыл кірпіштен соғылған үйлерді ақ түске бояп жатыр

Aug 28, 2024 IDOPRESS
Қызылордалықтар қызыл кірпіштен соғылған үйлердің ақ түске боялуына наразы,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Қызылордалықтар қызыл кірпіштен соғылған үйлердің ақ түске боялуына наразы,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордалықтар қызыл кірпіштен соғылған үйлердің ақ түске боялуына наразы,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары ашуланып,әлеуметтік желіде үйлерді қайта бояуға қатысты жазбалар жариялады.

View this post on Instagram

A post shared by Герман / Видеограф / Фотограф / Мобилограф / Кызылорда / (@dygevi)

Instagram желісіндегі kritika.kyzylorda парақшасында оқырман шенеуніктерге "Сендер мазақ қылып отырсыңдар ма? Қызыл кірпішті ақтап жатырсыңдар! Не болып жатыр өзі?" деп жүгінді.

Жазба айтарлықтай лүпіл мен пікір жинады.

"Ақыры істеп жатыр ма? Сөзім жоқ! Мұндай ой кімге келді екен?","Қызыл кірпіш әдемі көрінеді,оны неге бояп жатыр?","Бояу үшін тендер жеңіп алған шығар","Кірпішті неліктен бояп жатыр?","Осыны істеп отырғандар ұялмай ма?","Егер қала бюджетінде ақша болса,онда үйлердің шатырын жөндеңдер! Жаңбыр кезінде көптеген үй жүзеді","Кейде шенеуніктердің қалай ақша жасап отырғанына қарап,таңғаласың",- деп жазды қызылордалықтар.

Қызылорда әкімдігі қалада ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік-көркемдік безендіру жүйесінде бірегей қалалық келбет пен мәдени бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қала бойынша облыс орталығына бірыңғай сәулеттік көрініс беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар,ғимараттардың сыртқы қасбеті қандай болуы керегіне,олардың түсі,құрылыс жұмыстарына қолданылатын материалдар,соның ішінде әр түрлі формадағы ғимараттардың қасбетіне жарнама орналастыру (олар бір биіктікте,бір деңгейде болуы керек) және т. б. постта көрсетілген үйді жөндеу демеушілердің есебінен жүзеге асырылады. Барлық сын-ескертпелер мердігерге жеткізіліп,бақылауға алынады",- деп жазды әкімдік қызметкерлері.

Сондай-ақ,әкімдік былтыр Қызылордада демеушілер есебінен 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті қайта жаңартылғанын жеткізді.

Биыл 100-ден астам үйдің қасбеті жаңартылады. Бірқатар әлеуметтік,әкімшілік,қоғамдық нысандарда түнгі жарық орнатылды. Мұның бәрі,қаланың сәулеттік келбетіне ерекше сұлулық пен стиль береді.