Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапты,- деп хабарлайды .
Qarmet АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше,оқиға 25 тамызда болған.
"Qarmet АҚ объектісінде №2 табақша металды икемдейтін цехта қайғылы оқиға болды. Сағат 09:20 шамасында химиялық ұстау блогы ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстары кезінде биіктік жұмыстарында техника қауіпсіздігі ережелері сақталмай,салдарынан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының екі қызметкері биіктіктен құлады,- деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер 2005 жылы туған Д. Иманғалиев және 1986 жылы туған Ю. Самойлов болды. Өкінішке қарай,алған жарақаттар ауыр болып,екі қызметкер де қайтыс болды.
Компания ТЖ дерегі бойынша болған оқиғаның себептері мен мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрғанын хабарлады.