Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпаратқа алғаш рет жауап берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса,маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап,кім,қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!
Маған таңертеңнен бері миллион хат келді. Мен өзім таңғалдым және бұл ақпарат жалған деп мәлімдеймін! Бұл жала жабу! Мен тіпті,тексерілмеген,жалған ақпарат таратқаны үшін БАҚ өкілдерінің үстінен де арыз жазып,сотқа жүгінемін",- дейді Тұраров.
Еске салайық,бұған дейін желіде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді деген ақпарат тарады. Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді.