Қостанай облысында ет өңдеу комбинатына бара жатқан 23 сиырды тиеген ауыржүктасығыш көлік аударылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейін аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.
"21 тамызда кешке Қостанай-Мамлютка автожолының 26-шы шақырымында Volvo жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай,жыраға аударылды",- делінген хабарламада.
Жүк арбада 23 сиыр болғані,ер адам оларды Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентіндегі ет комбинаттарының біріне апара жатқан.
"Оқиға салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Бірнеше сиыр жарақат алды",- деп нақтылады полиция.
Оқиға орнына жүк көлігінің манипуляторы келді,оның көмегімен жануарлар тиелді. Осыдан кейін көлік полицейлердің сүйемелдеуімен межелі жерге барады.