Бизнес

Оралдық мұғалімнің өлімі: сотта істің егжей-тегжейі айтылды

Aug 22, 2024 IDOPRESS
Оралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі \"Мо

Оралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Оралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Айыпталушы - 41 жастағы Темір Сәрсенов. Ол қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша күдікке ілінген: адам өлтіру,ұрлық және заңсыз қару сақтау.

Сотта айыпталушы мен марқұм әйел 2020 жылдан бері таныс екені анықталды. Надежда Темірге техника жағынан көмектесуін сұрап,танысқан.

Сәрсенов марқұм әйелге компьютерге байланысты көмектесуге келген. Бір сәтте екеуі сөзге келіспей,ер адам мұғалімді қылғындырып,мойын тұсынан пышақтап тастаған.

Артынша айыпталушы қылмыс ізін жасыру үшін мұғалімнің алтын бұйымдарын,сөмкесі,телефоны мен банк карталарын ұрлап кеткен.

Сонымен қатар,Сәрсенов тұратын үйден қару-жарақ пен оқтар табылған.

Айта кетейік,оқиға биыл 25 сәуірде болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КГУ ОШ9 (@9_sosh)

Оралда мұғалім пәтерінен өлі табылған болатын. Әйел адам бастауыш сынып мұғалімі болған.