Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентіндегі қатты өрт салдарынан бірнеше үй күлге айналды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның егжей-тегжейін Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Түнде Осакаров ауданының Молодежный кентінде бір қабатты екі пәтерлі жеке тұрғын үй өртенді,содан кейін от жақын орналасқан бір типті ғимаратқа өтті",- делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумақта өртті толығымен сөндірді.
Адамдар арасында құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.