Бизнес

Франциядағы люкс виллалар: Сатыбалдыұлы мемлекетке тағы не қайтарады?

Aug 16, 2024 IDOPRESS
Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінде сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тағы қандай активтері м

Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінде сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тағы қандай активтері мемлекетке қайтарылатыны айтылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінде сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тағы қандай активтері мемлекетке қайтарылатыны айтылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам активтерді қайтарады. Бүгінде 18 миллиард теңгеге активтер қайтарылды. Олардың қатарында Алматыдағы екі ірі бизнес-орталық,коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй бар.

Бас прокуратураның мәліметінше,Сатыбалдыұлы мен оның жақын адамдарына тиесілі,жалпы сомасы 33 миллиард теңгеге шетелдік мүлік тұр.

"Дубай қаласындағы құны 20 миллиард теңге болатын екі қымбат вилла,Францияның Кот - д' Азур жағалауындағы құны төрт миллиард теңге болатын төрт элиталық пәтер,Мәскеу қаласының беделді тұрғын үй кешендеріндегі құны бес миллиард теңге болатын 15 жылжымайтын мүлік,Бодрум және Стамбул қалаларындағы құны төрт миллиард теңгеден асатын екі элиталық Вилла және пәтер",- деп хабарлады Бас прокуратура.