Казгидромет алматылықтарды ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2024 жылы 16 тамызда Алматыда,түнде Атырауда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі",- делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы,жеңіл жел,тұман,инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Синоптиктер сондай-ақ 16 тамызға арналған Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.
"Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен ҚР басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады,найзағай,бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады,елдің солтүстік-батысында,солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді,солтүстік-батыста,солтүстікте,елдің орталығында тұман болады",- деді метеорологтар.
Күндіз Алматы,Шығыс Қазақстан облыстарында,Жетісу облысында,Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады деп күтіледі.