Бизнес

Қазақстандық спортшылар Олимпиададан кейін коронавирус жұқтырды

Aug 15, 2024 IDOPRESS
Қазақстан Олимпиада құрамасының мүшелері Парижде COVID-19 вирусын жұқтырған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының спортшылармен кездесуі кейінге қалдырылғанын айтқан болатын.

"COVID-19 біздің команданың 3 жүлдегері мен 2 жаттықтырушысынан табылды. Олардың ПТР сынағы оң нәтиже берді. Қазіргі уақытта олар оқшауланды.

Ем қабылдап жатыр. Аурудың жеңіл түрі. Оларға тезірек сауығып кетулерін тілейміз. Құраманың басқа мүшелерінен вирус табылған жоқ",- деді Tengri Sport Қазақстан туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік,Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында 7 медаль жеңіп алды. Дзюдошы Елдос Сметовтың жалғыз алтыны,гимнаст Нариман Құрбановтың,грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадыраевтің және боксшы Нұрбек Оралбайдың күмісі бар.

Олимпиада ойындарының қоласын Александра Ле мен Ислам Сәтбаев,сондай-ақ боксшы Назым Қызайбай мен дзюдошы Гусман Қырғызбаев жеңіп алды.