Бизнес

Қызылордалық оқушы секс-құлдыққа түскен: күдіктілер қамауға алынды

Aug 15, 2024 IDOPRESS
Қызылордада оқушыны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды,- деп хаба

Қызылордада оқушыны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада оқушыны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі 1)-тармағы бойынша кәмелетке толмаған күдіктілер Қ. А. және М.-ге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің өтінішхаты Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына түсіп,сот қаулыларымен тергеушінің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылып,кәмелетке толмаған күдіктілерге 2 ай мерзімге "үй қамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдала отырып,ҚПК-нің 147-бабының 2- бөлігінің 1),5) тармақтары бойынша шектеулер қолданылған.

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілеріне жәбірленушінің өкілінен келіп түскен шағымдарды қарап,күдіктілердің жасаған әрекеттерінің ауырлық дәрежесін,күдіктілерді сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болғанын ескере отырып,шағымды қанағаттандырып,тергеу сотының қаулыларын өзгертіп,күдіктілерге 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды.

Еске салайық,бұған дейін Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тараған еді.

"Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі 16 жастағы оқушыны сыныптастары ақпаннан бастап туыстарымен жезөкшелікке сатқанын,қыз - бір үйдің жалғызы екенін мәлімдеді.

"Ол ақпаннан бастап жоғалып кете бастаған,ата-анасы полицияға,кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға іздеу үшін жүгінген,бірақ олар қызды іздемеген,ол аз болғандай ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан,қорыққан ата-ана қыздарын өздері іздеген",- деді ол.

"Немолчи" қорының жетекшісі ұсынған мәліметке сүйенсек,қыз ауық-ауық байланысқа шығып,видеомен хабарласып,кафеде даяшы немесе гүл сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтінін айтқан. Ата-анасы айтылған жерге барғанда,ол жақтағылар қыздың жай ғана видео түсіріп,кетіп қалғанын жеткізген. Қыздың сөзінше,ата-анасы шу шығармас үшін оны осылай жасауға мәжбүр еткен.