Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлады. Әуежайда дауылдың салдарынан төрт ұшақ зақымдалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әуе тасымалдаушысының мәліметінше,рейстер 8 тамызда Астанадағы дауыл мен бұршақ салдарынан кешігеді.
"Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақ салдарынан төрт ұшақтың зақымдануын тіркеді. Әуекомпания инженерлері бірнеше күн қажет болатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді",– делінген хабарламада.
Тасымалдаушы жолаушыларға қолайсыз жағдайдың алдын алу үшін әуежайға барар алдында ресми сайтты тексеруді ұсынды.