Бизнес

Қызылордада алимент төлемеген 9 борышкеркер сотталды

Jul 26, 2024 IDOPRESS
Қызылордада алимент төлемеген 9 борышкеркер бас бостандығынан шектеу жазасымен сотталды,- деп хабарлайды Teng

Қызылордада алимент төлемеген 9 борышкеркер бас бостандығынан шектеу жазасымен сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада алимент төлемеген 9 борышкеркер бас бостандығынан шектеу жазасымен сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының прокуратурасы биыл 6 айда алимент өндіру бағытында Әділет департаментіне және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 12 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізген.

"Нәтижесінде 155 жалғыз басты ананың пайдасына 91 миллион теңге алимент берешегі өндірілді. Сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген 147 борышкер ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік қамаққа алу және айыппұл салу түріндегі жазаға тартылды. Міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 39 жеке сот орындаушы тәртіптік жауапкершілік көтерді.

Прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 18 борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп,оның 12-і қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 9 борышкер сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасына сотталса,3 іс бойынша бойынша тергеу жалғасып жатыр",- делінген хабарламада.