Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сіллтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап,оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық,тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп,сауда-экономикалық,көлік-логистикалық,энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады. Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.
Сондай-ақ,жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.