Қазақстаннан Қырғызстанға құжатсыз кетіп бара жатқан күмәнді микроавтобус тоқтатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше,оқиға Ыстықкөл облысының "Қарқара-автожол" бақылау-өткізу пунктінде болған.
"Қырғызстан азаматы қандай да бір ілеспе құжаттарсыз ірі көлемде тауарлық-материалдарды (мотоциклдер,киім және басқа да халық тұтынатын тауарлар) кіргізуге тырысқан",- делінген материалда.
Заңға қайшы әрекетке қатысы бар барлық адамды анықтауға және міндетті салық және басқа да аударымдарды төлемеу түріндегі залал сомасын айқындауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.