Бизнес

Шымкентте экстремистік ұйым анықталды

Jul 23, 2024 IDOPRESS
Шымкентте экстремистік ұйым анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сі

Шымкентте экстремистік ұйым анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Шымкентте экстремистік ұйым анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 22 тұлғадан тұратын "Хизб-ут-Тахрир" радикал-экстремистік ұйымын анықтады.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Рамазан айында "ауызашар" өткізу сылтауымен радикал экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізгені анықталды.

Тінту барысыда Қазақстан Республикасында тыйым салынған 7 діни кітап,діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар,6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді",- делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабыны 1-бөлігі және ҚР ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.

"Осыған байланысты Шымкент прокуратурасы елдің конституциялық құрылысын бұзу мақсатында радикал экстремистік ұйымдарға кіруге үгіт-насихат немесе шақыру үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді",- делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.