АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трампқа қастандық жасамақ болған атқыштың көлігінен екі жарылғыш зат жасауға арналған материалдар табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The New York Times басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше,құқық қорғау қызметкерлері 20 жастағы америкалық Томас Мэтью Крукс ол маңайға қалай өткенін анықтауға тырысып жатыр.
"Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Крукстың көлігінен жарылғыш материалдарды тапты және тергеуден хабардар дереккөздің айтуынша,оның үйінен көбірек материалдар табылған болуы мүмкін",- делінген мақалада.
Мергеннің денесінің жанынан табылған AR-15 типті жартылай автоматты мылтықты оның отбасы мүшесі,мүмкін әкесі сатып алған болуы ықтимал,деп хабарлады тергеумен таныс шенеунік.
Еске салайық,экс-президентке қастандық 13 шілдеде кешке Пенсильванияда сайлауалды науқан кезінде болған. Саясаткер құлағынан жараланған.