Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,осыған байланысты 8-9 шілдеде Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды",- делінген хабарламада.