Бизнес

Тоқаев: БҰҰ-ға балама жоқ

Jul 6, 2024 IDOPRESS
\"ШЫҰ плюс\" саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның қазіргі рөлін атап өтіп

"ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның қазіргі рөлін атап өтіп,бұл ұйымға балама жоқ екенін,ал оның әлеуеті сарқылмағанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның қазіргі рөлін атап өтіп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша,"тұрақтылықты ұжымдық күш пен дана дипломатияның арқасында ғана қамтамасыз етуге болады".

"Біздің көзқарасымыз бойынша,бейбіт және үйлесімді дамудың күн тәртібінде ұжымдық ілгерілету басты міндет болып қала береді. Әлемдегі түйіндік қайшылықтарды шешу және тұрақтылықты қамтамасыз ету тек ұжымдық күш пен дана дипломатияның арқасында мүмкін болатынына сенімдімін. Осыған байланысты келесі жылы өзінің 80 жылдығын атап өтетін БҰҰ-ға үлкен үміт артылады,бұл ұйымға балама жоқ. Оның әлеуеті сарқылған жоқ. Біздің ортақ міндетіміз – БҰҰ-ның ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндеріне төтеп бере алатын жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі институты ретіндегі рөлін күшейту. ШЫҰ-ның дауысы халықаралық аренада қазіргі заманның түрлі мәселелері бойынша шоғырландырылған ұстанымды ілгерілете отырып,қаттырақ болуы тиіс және солай болады. Сондықтан,қабылдаған тату көршілік,сенім және серіктестік туралы мәлімдеме өзекті болып табылады",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 80 жылдығына және ШЫҰ мен БҰҰ ынтымақтастығының 20 жылдығына орай Қазақстанның әділ бейбітшілік,келісім және даму бастамасын қолдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын қабылдауды ұсынды.