БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БҰҰ баспасөз қызметі мәліметінше,3 шілдеде таңертең БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға ұшып келген.
Бас хатшыны Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин,Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори қарсы алған.
Фото БҰҰ-ның Қазақстандағы баспасөз қызметі
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің оңтүстік астанаға келгені туралы ақпаратты растады. Ол БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесіне барады.
Ертең,4 шілдеде Гутерриш Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға барады.