Синоптиктер Қазақстанда 4,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес,алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады,оның салдарынан найзағай ойнап,бұршақ жауып,екпінді жел соғады. 5 шілдеде солтүстік-батыста,5-6 шілдеде солтүстікте,орталықта және оңтүстік-шығыста,4-6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр күтіледі.
"Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында басым жағдайда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Сондай-ақ,еліміздің батысында күндіз өте қатты ыстық күтіледі,+33...+43 градусқа дейін жетеді",- делінген хабарламада.