Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген мүлік қай мемлекеттік органдарға беретіні белгілі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша сотталған мердігер Евгений Евковичтен тәркіленген көліктер Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша басқармасына тапсырылды. Екі көлік те мемлекеттік мекемелерге тегін берілді. Бұл туралы Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің нің ресми сауалына берген жауабында айтылды.
"Kia Sorento маркалы автокөлік ҚР Бас прокуратурасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің балансына,Toyota RAV4 автокөлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің пайдалануына берілді",- деді аумақтық департамент басшысы Еркін Смағұлов.
Бұл көліктердің сатылғаны туралы ақпарат биыл көктемде мемлекеттік аукцион сайтында пайда болды. Ресми мәлімет бойынша,қара түсті 2021 Kia Sorento кроссовері 18,5 миллион теңгеге,ал 2021 жылы зауыт конвейерінен шыққан Toyota RAV4 16,7 миллион теңгеге бағаланды.
Фото: e-auction.gosreestr.kz
Кроссоверлер Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша ірі көлемде мүлікті ұрлағаны үшін сотталған кәсіпкер Евгений Евковичке тиесілі екені белгілі болды. Тергеу барысында кәсіпкердің павлодарлық полицейлерге арнайы құрал-жабдықтар,оның ішінде оқ өтпейтін жилет,дулыға және резеңке таяқшаларды жоғары бағамен жеткізгені анықталды.
Еске салайық,2022 жылғы қаңтарда Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция бастығы қызметінен босатылды. Ол департаментті 2019 жылғы қарашадан бастап басқарды.
2022 жылғы сәуірде Нұрлан Мәсімовтің іздеуде екені белгілі болды. Кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның орналасқан жері туралы ақпарат үшін сыйақы жариялады. Шілдеде Мәсімов Ресеймен шекарада жалған құжаттармен ұсталды.