Бизнес

Астанада 4 мыңға жуық мопед пен самокат жүргізушісі жазаланды

Jul 2, 2024 IDOPRESS
Елордада жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушісі анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz т

Елордада жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушісі анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушісі анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазғы кезеңнің басталып,елорда жолдарында мопедтер мен самокат тебетін жүргізушілер көбейді,олар көп жағдайда ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзады.

Осыған байланысты Астана ПД полиция қызметкерлері мопед жүргізушілері тарапынан заңбұзушылықтың жолын кесуге бағытталған тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатқаны айтылды.

"Жыл басынан бері полицейлер 2900-ге жуық мопед жүргізушілері мен мыңнан аса самокат жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мыңнан астам мопед пен 150-ден астам самокат коммуналдық тұраққа қойылды. Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 ЖКО,электр самокат жүргізушілерінің қатысуымен 9 ЖКО тіркелді",- делінген хабарламада.

Мысалы,кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірім Момышұлы даңғылының қиылысында Майлин көшесінде мопедпен келе жатып,бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп,Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысқан.

ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопед жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.