Бизнес

Тоқаев Мальтаның сыртқы істер министрін қабылдады

Jun 25, 2024 IDOPRESS
Мемлекет басшысы Мальтаның сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорд

Мемлекет басшысы Мальтаның сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мальтаның сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы,Мальтаның Сыртқы,еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері,сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды.

Мемлекет басшысының айтуынша,ЕҚЫҰ қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер жағдайында біздің аймақта және одан тыс жерлерде барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады.

"Біз осы ізгі мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға,сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұйымға төрағалық етіп отырған Мальтамен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз",– деді Президент.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальта Президенті Мириам Спитери Дебоноға ізгі тілегін жолдап,екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және Қазақстан мен Мальта байланыстарына тың серпін беруге әзір екенін жеткізді.