itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда ақпаратынша,27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.
Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін,сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.
28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.