Ай

Астанада жылы, Алматыда жаңбыр мен бұршақ жауады: 17-19 сәуірге арналған болжам

Apr 17, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> \"Қазгидромет\" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 17,18

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 17,18 және 19 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

17 сәуірде күн құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде -6...-8 градус,күндіз +8...+10 градус.

18 сәуірде күн құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус,күндіз +12...+14 градус.

19 сәуірде күн құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады,жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -1...+1 градус,күндіз +16...+18 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

17 сәуірде күн бұлтты,жаңбыр жауады,кей уақыттарда нөсерлетуі мүмкін,найзағай ойнап,күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр,екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус,күндіз +10...+12 градус.

18 сәуірдекүн құбылмалы бұлтты,түнде жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр,түнде екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус,күндіз +11...+13 градус.

19 сәуірде күн құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус,күндіз +14...+16 градус.

Еске салсақ,бұған дейін синоптиктер мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.