Ай

Тоқаев стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады

May 7, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында жазды,деп хабарлайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып,жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өткен.

"Мемлекет басшысының айтуынша,Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі,сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді",- делінген хабарламада.