Ай

Алматы орталығы апат салдарынан жарықсыз қалды

Apr 3, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Алматы орталығының бір бөлігі жарықсыз қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алатау Жарық Компаниясы" жариялайтын қаладағы электрмен жабдықтау желілері бойынша апаттық жағдай картасына сәйкес,Төле би көшесі,Сейфуллин даңғылы,Құрманғазы,Байзақов көшелерінің аумағы жарықсыз қалды. Сондай-ақ Сейфуллин даңғылы,Қарасай батыр,Әйтеке би,Байтұрсынов көшелерінің маңында,Абылай хан даңғылы,Гоголь,Әди Шәріпов көшелерінде электр жарығы жоқ.

azhk.kz сайтынан скриншот

"Алатау Жарық Компаниясы" 3 сәуірде сағат 09:15-те электр желілерінде технологиялық ақау болғанын хабарлады.

Соның салдарынан Алмалы ауданындағы Қабанбай батыр – Шағабутдинов – Досмұхамедов – Қазыбек би көшелері шегіндегі тұтынушыларды электрмен жабдықтау уақытша бұзылды.

Қазіргі уақытта жарықтың өшу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел-көшпелі бригада жұмыс істеп жатыр. Электр қуатын 2 сағат ішінде қалпына келтіру жоспарланып отыр.