itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Тағы 29 пайызы БҚО әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасына тиесілі — бұл үлес 489 миллион теңгеге бағаланған.
Қалған үлес жеке тұлға Нұрсұлу Ережеповаға тиесілі. Компанияны Альберт Сафуллин басқарады.
Кейінгі жылдары шипажай жалпы құны 216 миллион теңге болатын 23 мемлекеттік келісімшартқа қатысқан. Сондай-ақ компания 9 сот ісіне тартылып,оның 7-іне жауапкер ретінде қатысқан.
Табыс жағдайы тұрақсыз болды. 10 жыл ішінде компания шамамен 254 миллион теңге салық төлеген. 2018-2019 жылдары өзгеріс байқалды. Бұл құрылтайшылар құрамының ауысуымен және жаңа басшының келуімен тұспа-тұс келді.

Kompra.kz сервисінен скриншот
Кейін жағдай тұрақтала бастады. 2025 жылы рекордты көрсеткіш тіркелді: компания 43 миллион теңге салық төледі. Бұл шипажайдың соңғы 10 жылда ең жоғары табыс тапқанын білдіреді.
Әкімдік жұмыс істеп тұрған шипажайдағы үлесін неге сатып жатқаны және кезекті сәтсіз әрекеттен кейін не істейтіні әзірге белгісіз. Tengrinews.kz БҚО әкімдігіне ресми сауал жолдады.