itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Тоқмақ қаласында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері марқұм криминалдық авторитет Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына тиесілі болуы мүмкін қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орынды тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.
МҰҚК мәліметінше,жасырын орын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында анықталған. Бұл арсенал заңсыз мақсаттарда пайдалану үшін дайындалған болуы мүмкін деген болжам бар.
Арнайы қызмет өкілдері жасырын орыннан түрлі қару мен оқ-дәрілерді тәркілеген. Олардың ішінде екі шолақ мылтық,екі мина,бір қолдан жасалған жарылғыш құрылғы,граната,тротил,сондай-ақ бетперде,пышақтар,тұтандырғыштар мен әртүрлі калибрлі патрондар бар.
"Бұл арсеналдың аса ауыр қылмыстарды жасауға,соның ішінде республикадағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға арналған болуы әбден мүмкін. Ол үшін "оңтайлы сәттің" келуі күтілген",- делінген хабарламада.
Тәркіленген қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамасына жіберілгені айтылды. Сонымен қатар,бұл арсеналдың бұрын болған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

МҰҚК баспасөз қызметі
Қамшы Көлбаев - 2023 жылдың 4 қазанында құқық қорғау органдарының ұстау операциясы кезінде мерт болған Қырғызстандағы танымал қылмыс әлемінің серкесі. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы және есірткі,қару-жарақ саудасы,сондай-ақ бопсалау мен рэкет сияқты түрлі қылмыстарға қатысымен белгілі болған.
Көлбаев қайтыс болғаннан кейін Қырғызстанның құқық қорғау органдары онымен байланысты қылмыстық топтардың әрекетін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.