Ай

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге шегерілді

Jul 8, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейбір коммуналдық қызмет тарифін көтеру кейінге қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cенбіде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте жиын өтіп,бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралды.

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болған: 16,1%.

"Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Коммуналдық қызмет тарифін өсіруді ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді",- деп жазылған хабарламада.

Еске салайық,бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілетіні хабарланды.