Жалғас Жұмағұлов Германияда өткен турнирде чемпион атанды

Jul 1, 2025 IDOPRESS
Сұлу Бөлек Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Гамбургте (Германия)

Сұлу Бөлек

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Гамбургте (Германия) өткен OKTAGON 73 турнирінде чемпион атанды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жалғас ең жеңіл салмақ дәрежесінде өткен титул кездесуінде Грузиядан келген қазіргі чемпион Бено Адамиямен (12-8-2) күш сынасты.

Адамия жекпе-жек алдында салмақ шегінен асып кеткендіктен,октагонға сары картамен шықты.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша Жалғас жеңіске жетіп,лиганың жаңа чемпионы атанды. Ол қарсыласын соңғы раундта бір рет нокдаунға да түсірді.

Айта кетейік,Адамия бұл жекпе-жекке қатарынан алты рет жеңіске жеткен еді,бірақ бұл жолы Жумагұловқа есе жіберді. Ал Жалғас қатарынан төртінші жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Oktagon - Еуропадағы үздік лигалардың бірі.

Еске салайық,Жұмагұлов бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен. Ол промоушенде жеті жекпе-жек өткізіп,бір рет жеңіске жетіп,алты рет жеңілген. UFC-ден 2023 жылы кеткен.

Жалғас бұған дейін Fight Nights Global ұйымында чемпион болған. Ол 2018–2019 жылдары ең жеңіл салмақта бұл лиганың чемпиондық белбеуіне ие болды.