Алматыда Orda City тұрғын үй кешені сүріледі

Jun 12, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда Orda City тұрғын үй кешенін бұзу басталды,- деп хабарлай

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Orda City тұрғын үй кешенін бұзу басталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үй кешенін сүру жұмыстары сот шешіміне сәйкес жүргізіліп жатқаны айтылды.

Мәліметке сәйкес,бұл тұрғын үй кешені Теректы ықшамауданында,Айналмалы көшесі,183-учаскеде орналасқан.

"ТОО Investment Stroy аталмыш тұрғын үй кешенін тиісті рұқсат құжаттарынсыз салған. Бұл факт жоспардан тыс тексеру барысында анықталды. Нысан иесіне әкімшілік шаралар қолданылып,кейіннен Алматы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына кешенді бұзу және қазылған шұңқырды қайта көму туралы талап арыз берілді. 2023 жылғы 12 шілдеде сот бұл талаптарды қанағаттандырды",– делінген хабарламада.

Нақтылап айтқанда,Алматы сотының апелляциялық алқасы алғашқы сот шешімін күшінде қалдырған.