Ай

ҰҚК Алматыда үш адамды ұстады: 12 маусым 2025, 09:44 - жаңалықтар Tengrinews.kz

Jun 12, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылғы мамырда Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды,оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

"15 келіден астам "мефедрон" психотропты заты мен 650 литр прекурсор,сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып,тәркіленді",- делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.