Ай

Қазгидромет Астана тұрғындарына ескерту жасады: Кеше, 09:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz

Jun 11, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Астана мен басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 10 маусымда Ақтөбе қаласында,түнде Қостанай,Атырау,Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді",- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы,жеңіл жел,тұман,инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.