Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтен отбасында ақшаны кім ұстайтыны және Қазақстанда тамақ қымбаттағанын біліп-білмейтіні жөнінде сұралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Отбасылық бюджеттің көп бөлігін жұбайым ұстайды. Себебі,біріншіден,ол декретте отыр,уақыты көбірек. Қайдан сатып алу керек,не сатып алу керек,қалай арзанырақ алу керек,бару немесе онлайн тапсырыс беру - бәрін жақсы біледі",- деп жауап берді Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы мұның қазақы менталитеттің ерекшелігі екенін айтты.
"Бұл - қалыпты нәрсе. Шығынды бақылап отырамыз,ештеңе білмейді деуге де келмейді. Бірақ күн сайын "Қанша жұмсадың? Қандай сүт сатып алдың,қанша пайыз майлы?" деген әңгіме жоқ. Менің ойымша,бұл - рөлдерді дұрыс бөлу",- деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!