Шенеунік өзіне сыйақы тағайындаймын деп жұмысынан айырылды

Jun 3, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Батыс Қазақстан облысында шенеунік өзіне сыйақы жазамын де

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында шенеунік өзіне сыйақы жазамын деп қызметінен айырылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы прокуратурасы бюджет заңнамасының сақталуын талдау барысында Жәнібек аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады.

"Ол қолданылып жүрген тәртіптік жаза бола тұра,өзіне заңсыз түрде 766 510 теңге көлемінде сыйақы тағайындаған",- делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы 2025 жылдың 17 наурызында Батыс-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаментінің тәртіптік кеңесіне қадағалау актісін енгізген.

"Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша,тәртіптік кеңестік ұсынымына сәйкес,Жәнібек ауданы әкімінің өкімімен Жәнібек аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы,Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 44-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік лауазымынан босатылды."

Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелген.