Тұман, жаңбыр және үсік: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Apr 15, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Синоптиктер 15,16 және 17 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады,- д

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 15,16 және 17 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша,атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі,жаңбыр,найзағай,бұршақ жаууы мүмкін,түнде батыс,солтүстік,шығыс,орталық аймақтарда және таулы өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр,қар) болады.

Қай өңірлерде жауын-шашын болады?

15 сәуір түнде Ақмола облысында,15 сәуір түнде және 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында,15 сәуір түнде және 16 сәуір күні бойы Абай облысында,16 сәуірде Қарағанды,Алматы және Жетісу облыстарында жауын-шашын (жаңбыр,қар) күтіледі.

Қай өңірлерде тұман түсіп,үсік жүреді?

Еліміз бойынша тұман күтіледі. 15-17 сәуір түндері Батыс Қазақстанда,15-16 сәуірде Атырау мен Ақмола облыстарында,15-17 сәуірде Ақтөбе,Қостанай,Солтүстік Қазақстан мен Абай облыстарында,16 сәуірде Павлодар облысында,16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында,15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус үсік жүреді деп болжанған.

Ауа температурасы қандай болады?

Батыста ауа температурасы 15-20 градустан 17-23 градусқа дейін жоғарылайды;

Оңтүстік-батыста негізгі температура 15-25 градус жылы;

Солтүстік-батыста 8-16 градустан 12-20 градусқа дейін жоғарылайды,17 сәуірде солтүстігінде 5-10 градусқа дейін төмендейді;

Солтүстікте 7-15 градустан 0-10 градусқа дейін төмендейді;

Орталықта 10-18 градустан 13-21 градусқа дейін жоғарылайды;

Шығыста 9-18 градустан 10-20 градусқа дейін жоғарылайды;

Оңтүстікте 15-23 градустан 17-25 градусқа дейін көтеріледі;

Оңтүстік-шығыста 17-23 градустан 13-20 градусқа дейін төмендейді.