Қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті

Apr 10, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қоғамдық-саяси \"Время\" газетінің бас редакторы,қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы,қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты "Время" газеті растады. Қазақстандық журналист,қоғам қайраткері 58 жасында қайтыс болды.

Лев Тараков Киевтегі жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген. Еңбек жолын Солтүстік флотта офицер болып бастаған. Әр жылдары баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінде,Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында басшылық қызметтер атқарған,сондай-ақ "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы болған.

Лев Тараков "Литер-Медиа" холдингінде жұмыс істеген. 2023 жылғы мамырдан бастап "Время" газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.