Ерлан Қожағапанов ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сот алдына келді

Mar 20, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа берілді,- де

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа берілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сенат отырысының кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді.

"Іс аяқталды. Қожағапанов пен мердігер ұйым басшысы сотқа берілді – сот процесі жалғасып жатыр. Мұнда аса ірі көлемде қаржы жымқыру мәселесі қаралып жатыр",– деді Құрақбаев Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Құрақбаевтың айтуынша,іс бойынша келтірілген шығын өзгеріссіз қалған және 1 миллиард теңгеден асады.

"Сот жүріп жатыр,қазір аяқталу сатысында деп ойлаймын. Біз оған айып тағып отырған баптың санкциясы бойынша,қателеспесем,7 жылдан 12 жылға дейін қарастырылған. Бірақ,сот барлық мән-жайды ескере отырып шешім шығарады деп ойлаймын. Сот ашық өтіп жатыр",- деп қорытындылады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

Еске салайық,2024 жылғы наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын тергеу шараларының нәтижесінде бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстағаны белгілі болды.