Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді: Кеше, 11:45 - жаңалықтар Tengrinews.kz

Mar 4, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді,- деп хаба

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулері ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы 3 наурызда Астана уақытымен 11:05-те тіркелген.

"Эпицентр Алматыдан 122 шақырым оңтүстік-батыста,Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. Магнитудасы MPV – 4,3",– делінген хабарламада.

ТЖМ Қазақстанда жерасты дүмпулері сезілмегенін мәлімдеді.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше,жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында,Ала-Баш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде болған.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Ала-Баш және Туура-Суу ауылдарында – 2,5 балл.