Ай

Маңғыстауда оқушылардың улану оқиғасы: жұмысшылар жалған құжат жасаған

Feb 12, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында балалар жаппай тамақтан улануына қатысты мектеп асханасының қызметкерлері сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше,асхана қызметкерлері жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектебінің тамақтандыру блогында жұмыс істеген.

"Бұл жағдай мектеп оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеріс кезінде анықталды",- деп жазылған хабарламада.

Мұнайлы ауданы сотының үкімімен мектеп асханасының 4 жұмысшысына айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Сот үкімдері заңды күшіне енді.

Еске салайық,2024 жылы қыркүйекте Маңғыстау мектептерінің бірінде оқушылар жаппай уланып қалды. Оқиға №8 мектепте болған. Кейінірек денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Маңғыстау облысында оқушылар жаппай улануына қатысты пікір білдірді.