Алматыда ата-анасыз қалған төрт балаға үш бөлмелі пәтер берілді

Feb 8, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда ата-анасыз қалған төрт балаға жаңа үй – үш бөлмелі пәтер берілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ата-анасыз қалған төрт балаға жаңа үй – үш бөлмелі пәтер берілді.

"Qazaq Stroy ұжымы ата-анасы қайтыс болып,жетім қалған төрт баланың тағдыры туралы білгенде бейжай қала алмады. Біз оларға 95 шаршы метр болатын кең үш бөлмелі пәтер беруді ұйғардық",- деді компания өкілдері.

Сондай-ақ,Qazaq Stroy компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев балалардың әрқайсына кәмелет жасқа толғанға дейін ай сайын 100 000 теңгеден төлеу туралы шешім қабылдады.

"Осы оқиғаны білгенде,жай қарап отыра алмадық. Біз балалардың ата-анасын қайтара алмаймыз,бірақ олардың болашағына жағдай жасай аламыз. Біз қазақпыз,біздің күш-қуатымыз бірлікте,қиын-қыстау кезде бір-бірімізге қолдау көрсете білуімізде. Бұл үй балалар үшін жайлылық пен үміт ұясына айналсын,ал біздің көмегіміз мейірімді жандар бар екенін еске салып тұрсын",- деді Нұрлан Артықбаев.

Компания жол апатынан қайтыс болған балалардың анасы Сая Есенгелдінің отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.