Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Feb 6, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды,- деп хаба

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы 6 ақпан сағат 11:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақтөбе облысы:

"РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

"РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 6 ақпан сағат 20:00 ашу жоспарланған.