Қалың қар және жел: 21 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Jan 21, 2025 IDOPRESS
Қазгидромет сейсенбі,21 қаңтарда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты,- деп хабарлайды Tengrin

Қазгидромет сейсенбі,21 қаңтарда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет сейсенбі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше,Астанада қар жауып,боран соғады,көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 9-20 м/с аралығында. Ауа температурасы -2...-4°C.

Алматыда жауын-шашынсыз,таңертең тұман болады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде -2...-4°C,күндіз +3...+5°C.

Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (қар,жаңбыр) күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 0...-2°C,күндіз +4...+6°C.

Алматы облысында таулы аудандарда тұман,кей жерлерде қар жауып,көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 9-20 м/с. Конаевта жауын-шашынсыз,түнде -3...-5°C,күндіз +3...+5°C.

Ақтөбе облысында қар жауып,көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы -1...-6°C.

Жамбыл облысында жаңбыр,қар,тұман және көктайғақ күтіледі. Жел 28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Таразда күндіз +8...+10°C,түнде 0...-2°C.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар жауып,кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде -3...-8°C,күндіз 0...+3°C.

Қызылорда облысында жаңбыр,тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз +1...+3°C,түнде -1...-3°C.

Елдің көп аймағында ауа райы құбылмалы болып,жаңбыр және көктайғақ күтіледі.