Павлодарда ерлі-зайыптының пәтерінен қылмыстық құрал табылды

Jan 17, 2025 IDOPRESS
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері телефон алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады,- деп хаба

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері телефон алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері телефон алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалдамалы пәтерде әрқайсында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғы табылған. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен ел аумағында интернет алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді.

Ұсталғандар полицияға жеткізілді.

"Олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр",– деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.