Қазгидромет Алматы мен Астанада 6-8 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
6 қаңтар
Астанада ауыспалы бұлтты,кей жерлерде аздаған қар жауады,көктайғақ,боран күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -6…-8°C,күндіз -2…-4°C.
7 қаңтар
Ауыспалы бұлтты,кей жерлерде қар,боран,тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с,екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде және күндіз температура -2…-4°C.
8 қаңтар
Ауыспалы бұлтты,тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с,екпіні 15-20 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы -13…-15°C.
6 қаңтар
Алматыда ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура -4…-6°C,күндіз +1…+3°C
7 қаңтар
Ауыспалы бұлтты,күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр,қар),көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде температура -4…-6°C,күндіз +1…+3°C.
8 қаңтар
Ауыспалы бұлтты,тұман,көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде температура -5…-7°C,күндіз 0…-2°C.